{metadescription}
Павлодар: «Жас сарбаз» кадеттері арасында жаппай төбелес болды
Павлодар: «Жас сарбаз» кадеттері арасында жаппай төбелес болды

Павлодар: «Жас сарбаз» кадеттері арасында жаппай төбелес болды

Павлодардағы «Жас сарбаз» әскери мектебінің кадеттері жаппай төбелесіп, үш оқушы жарақат алды. Олар дәл сабақ үстінде жұдырықтаса жөнелген. Қабанбай батыр атындағы мектеп шәкірттерінің төбелесі бейнекамераға түсіп қалған.

Мектепте ойран салған 50 шақты баланың бәрі жоғары сыныпта оқиды. Үзіліс кезінде мектеп бітірушілері мен 10 сынып оқушылары арасында кикілжің болған. Кейін дау-жанжал сабақ үстінде төбелеске ұласқан. Оңбай таяқ жеген үш курсант ауруханаға жеткізілген.

Тәріп сақшылары бұзақылық бабымен іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Жаппай төбелес тіркелген оқу ордасының басшысы да жауапқа тартылмақ. Яғни мектеп директоры темірдей тәртіп орната алмағаны үшін тергеліп жатыр. Тіпті білім ордасына арнайы комиссия тексеру жүргізуде. Соның нәтижесі бойынша басқа да мұғалімдер тәртіптік жазаға тартылады.

Жасқайрат Қайыров, Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары:

Павлодар кадет мектебіндегі бұзақылық фактісі бойынша тергеу басталды. Жағдайлар мен себептері анықталып, сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жанжалға қатысушылар полиция бөліміне жеткізілді. Қазір олардың әрқайсысының рөлі белгіленеді, содан кейін әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Немқұрайлығы үшін мектеп директорына да қатысты тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.