{metadescription}
Өрт сөндіру маусымына дайындықты прокурорлар тексеріп отырады
Өрт сөндіру маусымына дайындықты прокурорлар тексеріп отырады

Өрт сөндіру маусымына дайындықты прокурорлар тексеріп отырады

Орман қорын сақтауға жауапты облыстық қызметтердің өрт сөндіру маусымына дайындығы тексерілетін болады. Бас прокурор Берік Асылов облыстардағы қадағалаушы орган өкілдеріне осындай тапсырма берген.

Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы бойынша биыл жаз өте ыстық болады. Орман өрттерінің шығу қаупі жоғары. Менің тапсырмам бойынша ықтимал қауіптің алдын алу үшін облыс прокурорлары барлық қызметтердің өрт маусымы дайындығына талдау жүргізетін болады.

Өткен аптаның басында Үкімет басшысы да алдағы аптап ыстыққа қатысты алаңдаған. Олжас Бектенов еліміздің батысы, шығысы және оңтүстігінде ең қатты құрғақшылық күтілетінін атап өтті. Ол кейбір өңірлерде төтенше жағдайдың алдын алуға дайындық нашар жүргізіліп жатқанын айтты. Премьер-минстр әкімдіктерге тез арада жағдайды түзетіп, тиісті министрліктер мен қызметтерге өрт тұтану  жағдайына дайын болуды тапсырды.

Материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін Үкімет алдағы үш  жылға рекордтық 68 млрд теңге бөлді. Өрт сөндіруге арналған техниканың әбден тозығы жеткенін былтыр 14 адамның өмірін жалмаған Абай облысындағы орман өртінен кейін бүкіл елдің көзі жетті.

Қазір ел бойынша орман шаруашылықтарының меншігінде 275 өрт сөндіру көлігі болса, соның 72 пайызы жөндеуге жарамсыз деген еді экология министрі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде