{metadescription}
3 млн 700 мыңнан аса несиеге жұбайыңыздың рұқсаты керек
3 млн 700 мыңнан аса несиеге жұбайыңыздың рұқсаты керек

3 млн 700 мыңнан аса несиеге жұбайыңыздың рұқсаты керек

Енді алатын несиеңіз 3 миллион 700 мың теңгеден асса, жұбайыңыздың рұқсаты керек болады. Сенат қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайтуды көздейтін заңды толықтырып, Мәжіліске қайта пысықтауға қайтарды.

Сергей Карплюк, Сенат депутаты:

Ерлі-зайыпты алдағы уақытта несие алғысы келсе, ал көлемі 3,7 млн теңгеден асқан жағдайда, екеуінің де келісімі керек болады. Cонымен қатар кредитті төлеу мерзімін 90 күннен кешіктірсеңіз, онда сізге банк те, микроқаржылық ұйым да несие бермейді. Бұл шаралар түптеп келген халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге бағытталған.

Депутаттың сөзін толықтырған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары осы 3 млн 700 мың теңгеге дейінгі сома қандай да бір шұғыл қажеттілікті жабуға жеткілікті екенін атап өтті. Олжас Қизатовтың айтуынша, 1 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаржы медициналық көмек мәселесін де шеше алады.

Заңда қаржы нарығындағы кибер алаяқтыққа қарсы іс-қимыл ескерілген. Енді электронды қарыз беру кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдары клиентті биометриялық сәйкестендіру тәртібін жүргізуге міндеттеледі.Сондай-ақ құжат аясында мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде қарыз алушыға кредит төлемдерін кейінге қалдыру қосымша 60 күнге ұзартылады. Бұл әскерден келгендерге банк ұйымдары бірден қарыз өтеуді талап етпеу үшін жасалып отыр.

Елімізде несиесін уақытында төлеуге шамасы жетпей жүргендердің саны 1 жарым миллионнан асады.

Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

Менде биыл 1 сәуірдегі мәлімет бар. Тұтыну несиелерінің жалпы сомасы 14,2 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 90 күннен асқан, яғни мерзімі өткен несиелердің үлесі 1,6 трлн теңгені немесе 12% құрады. Тұтыну несиесін алғандар саны – 8,4 млн адам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде