{metadescription}
Шегірткенің дернәсілін тез жоймаса, кейін бәрін жайпап кетеді
Шегірткенің дернәсілін тез жоймаса, кейін бәрін жайпап кетеді

Шегірткенің дернәсілін тез жоймаса, кейін бәрін жайпап кетеді

Биыл Ақтөбе облысының егіс алқаптарын шегіртке басу қаупі жоғары. Мамыр айының басынан бері зиянкестердің шоғырлануы сегіз ауданда байқалған. Сондықтан шаруалар егістік жерін қазірден бастап тексеруі қажет. Дернәсілдерді дер кезінде тауып көзін жоймаса, қанаттатып кеткен соң тоқтату мүмкін болмайды дейді мамандар.

Мамандардың мәліметінше жеті ауданда шегірткенің азиялық және италиялық түріне жататын мыңдаған дернәсілі табылған. Екеуі де өте қауіпті. Ашқарақ зиянкестер жолындағысын жайпап кетеді екен. Олардың жұмыртқалары 10 мың гектарға жайылған. Әсіресе егінді саналатын Әйтеке би ауданыдағы жағдай алаңдатады. Онда зиянкестердің 300 мың гектар жерге жайылу қаупі бар.  Шенеуніктердің айтуынша, қазір облыста егіс алқаптарын зиянкестерден қорғау жұмысы басталған. Оған 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Арасында жеңіл авиация да бар. Улайтын химиялық дәрі-дәрмек жеткілікті дейді олар. Болжам бойынша шегіртке жаз ортасында ұша бастайды.

Арыстанбек Жәкібаев, Ақтөбе облысы аумақ инспекциясының өсімдіктерді қорғау бөлімінің маманы:

Шегіртке қаптауы мүмкін. Әріресе қанаттанған соң. Шілде айының ортасы, нан тамыз айының басы деп болжап отырмыз. Жеті ауданда залалсыздандыру жүргізіліп жатыр. Алты аудан бақылауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде