{metadescription}
Биыл екі есе көп. Шегірткемен күреске 8 млрд бөлінді
Биыл екі есе көп. Шегірткемен күреске 8 млрд бөлінді

Биыл екі есе көп. Шегірткемен күреске 8 млрд бөлінді

Биыл шегірткемен күресуге сегіз миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл былтырғы жылғы қаражаттан еке есе көп. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері хабарлады.

Сарапшылардың болжауынша, биыл шегірткелер еліміздің 2 жарым миллион алқабына таралады. Әсіресе зиянкестер Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарындағы жерге қаптау қаупі бар.

Былтыр зиянды жәндіктер еліміздің солтүстігіндегі егін алқаптарына айтарлықтай зиян келтірген. Десе де бұл жолы алқаптарды пестицидпен өңдеу дер кезінде басталады. Қазірдің өзінде химиялық заттардың басым бөлігі аймақтарға жөнелтіліпті. Ал Ақмола, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында шегірткелердің шығуы әлі байқалмағандықтан, ол өңірлерде зиянкестерді улау сәл кейінірек жүргізіледі.

Дархан Әбдікәрімов, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Үйірлі шегірткеге республика резервінен 8,1 млрд теңге ақша бөлінген. Бүгінгі күні шегірткелерге қарсы күреске 2,46 мың га жететін аумағына пестицидтер сатып алынды. Өңдеу жағынан өңдеу техникасын қызмет көрсету, сатып алу жөнінде 2,2 млн га жерге сатып алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде