{metadescription}
Тасқын: Малынан айырылғандарға жалпы 1,7 млрд төленген
Тасқын: Малынан айырылғандарға жалпы 1,7 млрд төленген

Тасқын: Малынан айырылғандарға жалпы 1,7 млрд төленген

Солтүстік Қазақстан облысында малы суға кеткендерге өтемақы толықтай төленіп болды. Мәселен Боголюбово ауылының тұрғыны Владимир Бахтовтың тасқын кезінде бес қойы арам қатқан. Комиссия келтірілген шығынды 280 мың теңгеге бағалап кетіпті. Малдың ақшасы қарияға төленіп те қойған.

Владимир Бахтов, Боголюбово ауылының тұрғыны:

Бізді қауіпсіз жерге көшірген кезде малымыз да айдалған еді. Бірақ менің қойларым қашып кетті. Кейін өлексесін таптық. Малымның еш құжаты жоқ. Сондықтан үш куәгерді тауып, бес қойым болғанын дәлелдедім. Берілген ақшаға ризамын.

Су тасқыны кезінде малынан айырылған тұрғындарға жалпы ел бойынша 1,7 млрд. теңге төленген. Бұл 6 мың бастан астам малдың өтемақысы. Әлі де бес мың бас малдың шығыны өтелуі тиіс.

Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысындарында мал ең көп қырылған. Ал Атырау облысында мың жарым бас төрт түлік суға ағып кеткен. Ондағы шығын әлі есептеліп жатыр. Үй жануарының құжаты бар тұрғындарға облыстық бюджеттен, ал құжаты жоқтарға демеушілер есебінен ақысы беріледі. Үйрек, қаз бен тауықтың да шығыны өтеледі деді ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Ерлан Ілиясов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі департамент директорының орынбасары:

Қазір барлық зардап шеккен шаруалардан өтінім түгел қабылданып қойды. 850-860 өтінім қабылданды. Соған сәйкес өтінімдер рет-ретімен өз кезегімен төленіп жатыр. Маусым айының ішінде бітіреді деген жоспар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде