{metadescription}
Дұрыс тартылмаған кәріз жүйесі «Шаңырақ -2» тұрғындарын шулатты
Дұрыс тартылмаған кәріз жүйесі «Шаңырақ -2» тұрғындарын шулатты

Дұрыс тартылмаған кәріз жүйесі «Шаңырақ -2» тұрғындарын шулатты

«Тынысымыз тарылды». Алматыдағы «Шаңырақ -2» ықшам ауданының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Дұрыс тартылмаған кәріз жүйесінен лас су көшеге жайылып, ауаға қолқаны қабатын иіс тарап жатыр. Тұрғындар күннің ыстығында есік-терезесін аша алмай қалған. Оған қоса түрлі жұқпалы ауру да тарауы мүмкін деп алаңдап отыр.

Өз алдына жер үй салып «Шаңырақ 2» ықшам ауданына тұрақтаған тұрғындар біраз уақыттан бері кілкіген сумен алысып келеді. Мәселені шешіп жарытпаған әкімдіктен күдерімізді үздік деп отыр.

Дүйсенбай Сығаев:

Бұл әкімшілік өткен жолы жиналыста «сәуір айында кәріз жүйесі қосылады, бәрі дұрыс болады» деп,  өздері уәде берген болатын. Уәдесінде тұрмады. Соның кесірінен кейбір көшеде,кейбір ағайын кәріз суын қосып жіберіп, ол жүрмей, жолдың бетіне шығып, жұқпалы аурулар тарауына тікелей себепкер болып отыр.

«Шаңырақ» ышқамауданының тұрғындары айына үш-төрт рет кәріз суын сорғызу үшін өз қалтасынан ақша төлейді екен. Аз жалақыға қанағат етіп отырған қоңырқай тіршілік иелеріне бұл аз қаражат емес. Тұрғындардың басым бөлігі бұл жағдайдың басталғанына сегіз жылға жуық уақыт өткенін айтады. Мәселесі қордаланған тұрғындар бәрінен бұрын балаларының денсаулығына алаңдайды.

Батима Әубәкірова:

Дайын тұрған кнс-тар бар, қосылуға дайын тұр. Бірақ бізде "Тоспа су" өз жұмысын дұрыс істемейді. Люктердің бәрін дұрыс тазаламайды. Соның кесірінен біз қосылуға дайын тұрған люкке қосыла алмай тұрмыз. Ал "Тоспа судың " айтатыны күнде ертең. Айтатыны өтірік. Өтірік есеп береді.

Шәкен Ыдырысұлы:

Ең күрделі мәселенің бірі су. Адамның денсаулығын, бала-шағаның денсаулығын құртты. Кәріз жүйесін дұрыстап жасайтын уақыт жетті. Сегіз жыл болды, әлі күнге дейін созып жүр. Кетіп бара жатсаң, люктың аузы ашық жатыр. Жанынан өтсең, су бұрқылдап шығып жатыр. Лас су. Бұл халыққа ауру таратады.

Ал "Алматы су"  мекемесінің маманы тұрғындардың сөзін жоққа шығарып, тиісті шаралар атқарылып жатыр деп қысқа қайырды.

Сұлтан Құрманғалиұлы, Солтүстік- батыс АПУ учаскесінің 1-санатты инженері:

Тазалау жұмыстары жүріп жатыр. КНС 1 бойынша көшелердің 85 пайызы тазаланып бітті. Қай көше тазаланды, сол көшелердегі тұрғындарға рұқсат беріп жатырмыз. Әзірше кәрізге қосыла берсеңіздер болады деп. КНС 1 бойынша келесі аптада екі бригаданы толық шығарып, Әубәкірова көшесінен бастап толығымен тазалау жұмыстарын жүргіземіз.

Жағдайға әкімдіктегілер де қанық екен. Кәріз жүйесін маусым айында толық аяқтаймыз деп уәде берді.

Абай Топарбай, Алатау ауданы су және сумен жабдықтау бөлімінің бас маманы:

 "Алматы суға" тапсырма бердік. Төрт бригада ертеңнен бастап толыққанды жұмысқа, кәріз жүйесін тазалауды бастайды. 2019 жылы кәріз жүйесі салынған.Салынып дайын тұрды. Оның қосылғаны да бар. 20-21-де қосылған, дегенмен осы бес көше  толық қосыла алмай тұрды. Маусым айының соңына дейін аяқталады.

Алайда жергілікті тұрғындар шенділерден күдерін үзген. Ал түйткілдің түйіні қаншалықты шешілетіні уақыт еншісінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.