{metadescription}
Эверест бағындырған экспедиция мүшелеріне пәтер кілті табысталды
Эверест бағындырған экспедиция мүшелеріне пәтер кілті табысталды

Эверест бағындырған экспедиция мүшелеріне пәтер кілті табысталды

Әлемнің ең биік шыңын бағындырған қазақ қызына екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Анар Бурашева мен Kazakh Everest Team экспедициясының мүшелері Алматыда журналистерге тарихи сәт туралы баяндап берді.

Ең биік шыңға өрмелеп шығуға бес тәулік қажет болған. 8 848 метр биіктікті бағындыру кезінде ауа райының қолайсыздығына байланысты экспедициялардың көпшілігі кері қайтқан. Тек бес елдің альпинисі Эвереске сәтті көтеріле алды.

Тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан алғашқы қазақ қызы Анар Бурашева болды. Ал оның серігі атақты альпинист Мақсат Жұмаев бұл шыңды осымен үшінші рет бағындырып отыр. Осы күзде олардың ерлігі туралы деректі фильм жарыққа шығады.

Конференцияда экспедицияның әр қатысушысына демеушілер Алматыдан 66 шаршы метрлік пәтер сыйлады.

Анар Бурашева, альпинист:

Мен ойлағандай болды, бірақ қиын болды.Өйткені мен көбінесе техникалық тауларға шыққанмын ,5 мыңға дейін.Бірақ биік таулар өзгеше, бағындыру қиын. Және организіміңді жақсы білуің керек. Біріншіден, бұны Қазақстанның барлық қыздарына арнаймын. Өйткені менің арманым әр қыз өз арманына жетсе. Екіншіден әкеме арнаймын. Әкемнің атын шығарғым келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.