{metadescription}
Тасқын: Үш өңірде оқушылар аралық және мемемтиханды тапсырмайтын болды
Тасқын: Үш өңірде оқушылар аралық және мемемтиханды тапсырмайтын болды

Тасқын: Үш өңірде оқушылар аралық және мемемтиханды тапсырмайтын болды

Тасқыннан зардап шеккен үш өңірдің оқушылары аралық және мемлекеттік емтиханды тапсырмайтын болды. Мектебін су басып, соңғы тоқсанда қиындық көрген шәкірттер сынақтан босатылған.

Атырау облысы бойынша 6376 оқушының қортынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Себебі, мұндағы Махамбет ауданында 16 білім ошағы және Жылой ауданында төрт мектеп су астында қалған.

Солтүстік Қазақстан өңірінде оқушылары емтихан тапсырмайтын бес мектептің үшеуі облыс орталығында орналасқан. Қалған екеуі Қызылжар ауданында. Жалпы солтүстікқазақстандық 754 оқушының жылдық қорытынды бағалары мен аттестаттау бағасын уақыт создырмай маусымда бірден қойып беретін болды.

Ақтөбе облысында негізгі және орта мектепті бітіретін 109 оқушы сынаққа әзірленемін деп басын ауыртпайтын болды. Ойыл ауданына қарасты Берисев ауылындағы білім ошағының оқушылары екі айға жуық қашықтан оқыған. Ал Ырғыз ауданында сегіз мектептің ұл-қызы тасқын кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл ауданда әлі күнге дейін су астында тұрған білім ошағының ғимараттары бар.

Дина Орынова, Ақтөбе облысы білім басқармасының бас маманы:

Су тасқыны кезінде зардап шегіп, ұзақ уақыт қашықтан оқыған 9 мектептің оқушылары, ол Ойыл ауданының бір мектебі мен Ырғыз ауданының 8 мектебі 5-сынып пен 11-сынып аралығында барлығы қазақ тілі емтиханы мен 9-11 сыныптардың мемлекеттік емтихандарынан арнайы бұйрықпен босатылды. Олар сәуірдің ортасынан бастап осы тоқсан аяғына дейін бір жарым ай қашықтан оқыды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде