{metadescription}
Биыл 186 мың оқушы мектеп бітіріп жатыр
Биыл 186 мың оқушы мектеп бітіріп жатыр

Биыл 186 мың оқушы мектеп бітіріп жатыр

Биылғы оқу жылы әдеттегіден ерте аяқталып жатыр. Былтыр оқу бағдарламасы 31 мамырға дейін созылса, биыл бес күнге ерте біткен. Бүгін барлық мектептерде оқу жылының қорытындысы ретінде сынып сағаты өтті.

Ал ертең мектеп түлектері үшін мектеппен қоштасу салтанаты өтпек. Елімізде биылғы оқу жылын 3 жарым млннан астам оқушы аяқтаған. Олардың 186 мыңы 11-сыныпты аяқтап мектеппен қоштасады. Ал кәсіптік колледждерде оқитын 150 мыңнан астам студент диплом алып маман атанды. Еліміздің оқу-ағарту министрі үлкен өмірге аяқ басқан ұл-қыздарға сәттілік тілеп, өз құттықтауын жолдады.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Құрметті түлектер, сіздер өмірдің жауапты кезеңіне аяқ басқалы тұрсыздар. Бұл сіздер үшін ғана емес, ата-аналар, мұғалімдер, тәлімгерлер үшін де жан тебірентер сәт. Осы жас буын мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мүмкіндікті пайдаланып, еліміздің өсіп-өркендеуіне барынша атсалысады деп сенемін. Сіздерге ақ жол тілеймін!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде