{metadescription}
Министрлік: Утильалым петициясын жариялағандардың басында жеке мүдделілер тұр
Министрлік: Утильалым петициясын жариялағандардың басында жеке мүдделілер тұр

Министрлік: Утильалым петициясын жариялағандардың басында жеке мүдделілер тұр

Петиция жариялағандардың басында жеке мүддесі бар азаматтар тұр. Утильалымнан бас тарту туралы Е-petition.kz платформасындағы үндеуге қатысты өнеркәсіп және құрылыс министрінің пікірі осындай.

«Электронды платформада заңды петиция жариялаған азаматтардың өздерімен де кездестім» - дейді Қанат Шарлапаев. Базынасын министрге жайып салған тараптың дені шетелден көлік әкеліп сатумен айналысатын алып-сатарлар екен. Қазақстанда утильалымды жою туралы мәселе дәл қазір Үкіметтің күн тәртібінде жоқ екенін тағы қайталаған Шарлапаев, сөз соңында петицияның қорытындысын күтейік деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, елімізде жаңа қабылданған заңға сәйкес, 50 мыңнан аса дауыс жинаған халық үндеуі Үкімет деңгейінде қаралуға тиіс.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Халықтың пікірін, әрине, ескеру керек. Бірақ бұл ескерту ді тек заң бойынша жасауымыз қажет. Заң бойынша қазір петиция жүргізіліп жатыр. Петицияны аяқтағаннан кейін біз оны Үкімет деңгейде қараймыз. Заң бойынша процес, процедура осындай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде