Шымкентте астыртын майнинг фермасы анықталды
Шымкентте астыртын майнинг фермасы анықталды. Бір топ адам криптовалюта өндіру ісін жолға қойып, бір жылға жетпейтін уақытта 100 млн теңгеден астам пайда тауыпты.
Автор: Бек Әбиев
24.05.2024
Тінту кезінде мыңнан астам айсиктерден тұратын криптовалюта шығаруға арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар анықталып тәркіленген. Тергеушілер экономикалық қылмысқа барғандардың нақты санын құпия ұстап отыр. Оларға қатысты әзірге бір баппен қылмыстық іс қозғалды.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
— Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Бұл саладағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, белгілі бір қауіп туындауына алып келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!