{metadescription}
Ақтөбеде баспанаға қатысы жоқ алаяқ пәтер сатып, тұрғындар далада қалды
Ақтөбеде баспанаға қатысы жоқ алаяқ пәтер сатып, тұрғындар далада қалды

Ақтөбеде баспанаға қатысы жоқ алаяқ пәтер сатып, тұрғындар далада қалды

Ақтөбеде алаяққа алданған тұрғындар дымсыз қалды. Үш жыл бұрын ақшасын төлеп жаңа пәтерге жайғасқандарды сот орындаушылары қуып жатыр. Себебі: жиырмаға жуық баспананы сатқан әйелдің ол ғимаратқа еш қатысы болмай шықты.

Айнұр Тәжікова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Алқашқы жарнаға берген ақшаны «көрген жоқпыз» дейді. Біз беріп қойдық қой, біз де танымаймыз. Анамның жатақханасын сатып жібердік, 2021 жылы бір жарым миллионға. Сол ақшаны алқашқы жарнаға бердік. Енді ақша да жоқ, үй де жоқ. Бізді далаға қуып жатыр.

«Ақша да, үй де жоқ» деп далада қалған 19 отбасы қазір сот жағалаумен жүр. Бұларға пәтер сатқан әйелдің үстінен алаяқтық бойынша іс қозғап, жауап алып жатыр. Жәбірленушілер оның жалғыз болмағанына сенімді. Өйткені ол қордың атынан сөйлеп, құжаттарын көрсетіпті. «Соған сеніп қалдық» дейді тұрғындар. Енді қаланың қақ ортасындағы ең биік ғимараттағы 19 пәтер өзге компанияға тиесілі болып шыққан. Енді заңды иесі үш жыл бойы осында тұрған 19 отбасына «дереу баспананы босатыңдар» деп талап қойды. Кейбірінің пәтер есігін өз бетімен ауыстырып та үлгеріпті. «Енді екі ортада біз далада қалдық» деп налиды алданғандар.

Анар Нұрмұхамбетова, заңгер:

Орынбасароваға қатысты сот болып жатыр. Бірақ жалғыз өзі осындай қылмысқа бармаған деген ойдамыз. Ол пәтер сатып алушыларға мәселесі бар несиеге қатысты қор атынан хабарласқан. Қолында барлық ақпарат болған. Ал қазіргі үйдің қожайыны «Батыс лайн» компаниясы арызы негізінде 18 пәтерді босату туралы сот кабинетінде қаулы шығып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде