{metadescription}
Елімізде бір отбасы жылына 75 мыңын мейрамхана мен дәмханаға жұмсайды
Елімізде бір отбасы жылына 75 мыңын мейрамхана мен дәмханаға жұмсайды

Елімізде бір отбасы жылына 75 мыңын мейрамхана мен дәмханаға жұмсайды

Қазақстандықтардың тапқан табысы көбінесе мейрамхана мен дәмханада тамақтануға кетеді. Бір отбасы сырттан ас ішуіне жылына кемі 75 мың теңге жұмсайды. Статистика бойынша, әсіресе Маңғыстау облысының тұрғындары үйден тыс жерде ас ішуге жаны құмар екен. Олар жоқ дегенде, 200 мың астам теңгесін дәмханаға жұмсайды. Ал алматылықтар бұл тізімде төртінші орынға жайғасыпты.

Соңғы уақытта үйде ас әзірлеп әуре болмай, сырттан тамақтануға үйренгеніміз рас. Кей кездері тіпті көшеге шықпай-ақ, дәмхана мен мейрамханалар, басқа да қоғамдық тамақтандыру орындарынан дайын тағамға тапсырыс береміз. Оның бәрі қалтаға салмақ салатыны сөзсіз.

Сөзімізге дәлел, мына мен отырған мейрамханаға жай күндері 100-ден аса адам келеді екен. Демалыс күндері оның саны одан да көп. Келушілерді көбіне бизнес-ланчтар мен кешкі ас мәзірі қызықтыратын көрінеді. Мәселен, түскі уақытта бұл мейрамханадан 2990 теңгеге сорпаның түр-түрін, салат пен италиялық пастаға дейін алуға болады.

Алматылық Саян Бағаев екі күнінің бірінде мейрамханадан ас ішеді. Осында жұмыс бабымен әріптестерімен түрлі кездесу өткізіп, келіссөздер жүргізеді.

Саян Бағаев:

Әрине, қазір бәрімізге уақыт керек. Жұмысты да ітеп, түскі және кешті асты ішіп үлгеруіміз керек. Сондықтан мен көбіне осындай орындарда кездесу өткізіп әрі тамақтанып аламын. Өте ыңғайлы. Шығын көп кетеді деп те айта алмаймын.

Finprom.kz агенттігінің мәліметінше, елімізде бір отбасы жылына кемі 75 мың теңгесін мейрамхана мен дәмханаға жұмсайды екен.Тізімде Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Олар 200 мың теңгеден астам қаражатын сырттан тамақтануға жаратады.  Екінші орында астаналықтар тұр.  Ал алматылықтар 100 мыңға жуық қаражатын қоғамдық тамақтанатын орындар мен дәмханаларда жұмсайды.

Рестораторлар ас мәзіріндегі бағаның күннен-күнге өсіп жатқанын айтады. Азық-түлік өнімдеріне кететін шығыннан бөлек, мекемені жалға алу, ыдыс-аяқ, қызметкерлерге беретін қаржы бағаның өсуіне әкеледі дейді.

Тимур Ғайпанов, ҚР Рестораторлар қауымдастығының мүшесі:

Бір жылдың ішінде мейрамханалар шамамен 30 пайызға қымбаттағаны рас. Себебі ,өздеріңіз білесіздер, жұмысшыларды да аз жалақымен ұстап отыра алмаймыз. Мысалы, мен шығынды азайту үшін кадрды қысқартып, олардың жұмысын өз мойныма алып отырмын.

Десе де қымбатшылыққа қарап жатқан халық жоқ сияқты. Мейрамхана қызметкерлері келушілердің күн санап өсіп жатқанын айтады. Жаз мезгілінде жұрт көбіне терассада отырып, таңғы, түскі, кешкі асын ішеді.

Жұлдыз Әйіп, мейрамхананың маркетинг қызметкері:

Адам саны әр ай сайын өседі. Жұмыс күндері адамдар өте көп. Әсіресе дүйсенбі, сәрсенбі күндері. Себебі сол күндері жұмыстан  шаршаған адамдар  түскі уақытта тамақтанады. Ал кешке қарай көбіне жұптарымен, отбасымен кешкі асын ішеді.

 Ал экономистер мұны жаһандық даму деп түсіндіреді. Адамдар ауылдан қалаға белсенді түрде көшіп, бар уақытын қаражат табуға жұмсайды деді.

Арман Байғанов, экономист:

Пандемиядан кейін азық-түлік бағасынан бөлек, дәнді дақылдарға дейін қымбаттағаны рас. Бұл ауыл шаруашылығының дамымай жатқанын көрсетеді. Өзіміздің өндіріске мән бермейміз. Сырттан импорттап алуға жанымыз құмар. Ад адамдардың мейрамханаларға деген  сұранысын урбанизация деп айтар едім.

Дегенмен еліміздің қоғамдық тамақтану орындарындағы бағаны әлемдік стандарттарға сай келеді деп айту қиын. Бағаның қымбат екенін рейтингтан-ақ аңғаруға болады. Ең арзан мейрамханада тамақтандым дегеннің өзінде, жоқ дегенде, 9 АҚШ доллары, яғни 4000 мың теңгені тастап кетеміз. Мұндай бағамен барлығы 97 ел қатысқан рейтингте Қазақстан 42-ші орынға жайғасыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде