{metadescription}
Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақысын ала бастады
Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақысын ала бастады

Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақысын ала бастады

Cу тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы ала бастады. Бұл туралы бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында айтылды. Кей өңірлерде шағын және орта кәсіп иелерінің шығыны әлі толық есептеліп бітпеген. Ұлттық экономика министрлігі бұл процеске біраз уақыт кететінін ескертті.

Нұрбол Жанабеков, ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры:

Біз кәсіпкерлерге өтінімін тапсыруға уақыт бердік. Яғни ол 30 қарашаға дейін. Кейбір нысан, мысалы БҚО, СҚО әлі де суда тұр. Яғни оның бағасын анықтау мүмкін болмай жатыр. Бағалау жұмыстарын, кейбір жоба-смета құжаттарын жасау керек, оған талдау жасау керек. Сол уақытты алады.

Алдымен бизнесмендер бүлінген немесе жойылған мүлікті техникалық сараптамадан өткізіп бағалауы қажет. Айта кетейік, бұл қызметке кәсіпкерлердің өзі төлеуі керек. Дегенмен бұл шығындар да өтеледі деп сендірді ұлттық экономика министрлігінің өкілі.

Жалпы өтемақы жылжымайтын мүлікке, яғни ғимараттар мен құрылыстарға және жабдықтарға тіпті тауарларға да төленеді .Тілсіз жаудан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысындағы дүкендердің бірінің иесі қазір сол тиісті қаржылай қолдауды күтіп отыр. Оның дүкені 13 сәуірден бері жұмыс істемейді. Абырой болғанда, кәсіп иесі төтенше жағдай кезінде дүкенінен кейбір тауарды шығарып үлгерген.

Татьяна Илени, кәсіпкер:

Керекті құжаттарды жинап, тиісті жерге апарып тапсырдым. Шығын көлемі 8 миллион теңгені құрады. Сол ақшаны көп күттірмей алып, кәсіпкерлегімді жандандырғым келеді. Жөндеу жұмыстарын неғұрлым тез жүргізу керек. Әйтпесе, жаз өте шығады. 2-3 айдан соң жаңбыр жауып, күн суытады. Сондықтан өтемақыны уақытында төлесе екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.