{metadescription}
Қазгидромет: Еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін
Қазгидромет: Еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін

Қазгидромет: Еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін

Маусым айы ыстық әрі құрғақ болады деп күтілуде. «Қазгидромет» болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура бір-екі градусқа көтеріліп, кей аймақтарда жауын-шашын мөлшері азаяды. Ал су тасқыны болған өңірлерде метеорологтар ылғал топыраққа терең еніп кеткенін айтып, ол аймақтарға да қуаңшылық қаупі төніп тұрғанын ескертті.

Қамар Сәлиева, «Қазгидромет» РМК аргометеорологиялық болжам басқармасының басшысы:

Атмосфералық құрғақшылық Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында, Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында болжанады.

Мамандар маусым айында орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде сынап бағанасы 30-38 градусқа дейін жоғарылайды деп отыр. Бірақ жаз бойы ыстық болмайды екен. Аптап ыстық та апталап тұрмайды дейді синоптиктер. Ал жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысы мен батыс аймақтардан өзге өңірлерде қалыпты деңгейде болмақ.

«Қазгидромет» алдағы үш күнде еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін екенін ескертеді. Ауа температурасы тек маусымның басында ғана көтеріледі деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде