Жамбыл облысы: 300 млн жұмсалған спорт кешенінің қүрылысы тоқтап қалған
Жамбыл облысында құрылысына 300 млн теңге жұмсалған спорт кешені аяқталмай жатыр. Жуалы ауданы орталығындағы жастарға арналған нысан екі жыл бұрын берілуге тиіс болған. Алайда құрылыс алаңы қаңырып, қараусыз жатыр. Қоршауы құлап, қақпасы қираған «нысан тоналып жатыр» деп, тұрғындар уайымдап отыр.
Автор: Сәбит Әлдебай
24.05.2024
Исламбек Дастан, Жуалы ауданының тұрғыны:
— Сараптамадан өткенде алдағы 3 жыл құны қымбаттайды, өседі деген бағамдармен өлшеніп беріледі. Сегіз бе, он ба, сондай спорт кешен бірдей жұмысын бастағанү. Бірақ тұрып қалды. Бұл жерде тап-таза лоббизм жатыр.
Мұндағы жарық желісі де қолды болған. Тұрғындардың айтуынша, мердігер құрылысқа қаржы жетпегендіктен, толық аяқтамай тастап кеткен. Олар қыруар қаржы жобаға жетпей қалды дегенге сенбейді. Әкімдік өкілдері мердігер құрылысқа берілген қаржынының 270 млн теңгесін игеріп, тастап кеткенін растады. Қосымша қаржы ретінде 70 млн теңге сұраған. Ақша аударылмаған соң, нысанды тастап кеткен. Енді іс сотқа жетіп, компания 40 млн теңгеге жуық қаржы төлеуге міндеттелді. Осылайша жобаны аяқтау өзге мердігерге жүктеліп, бюджет қаржаты тағы шығындалмақ.
Асхат Жабағы, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары:
— Жаңа мердігерге ешқандай қаржы берілген жоқ. Бұл өз қаржысы есебінен жасап беріп жатыр. Толық аяқталғаннан кейін, біз төлеп береміз. Осы қыркүйек айының ортасында бұл мердігер толық аяқтап береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!