{metadescription}
Қарағанды: Үйінің кәріз суын өзенге ағызғандарға миллионнан айыппұл салынды
Қарағанды: Үйінің кәріз суын өзенге ағызғандарға миллионнан айыппұл салынды

Қарағанды: Үйінің кәріз суын өзенге ағызғандарға миллионнан айыппұл салынды

Қарағандыда үйінің кәріз суын өзенге ағызған үш адам анықталды. Қаладағы жалғыз өзеннің бойында орналасқан үй иелерінің әрқайсысына миллион теңгеден аса айыппұл салынды.

Қаладағы Гудермесская көшесінің жер үйлері Бұқпа өзенінің бойында орналасқан. Бұл аудандағы көп үйде орталық кәріз жүйесі жоқ. Тұрғындар сөйтіп қалдық төгетін шұңқырды тазалап әуреге түспеудің «оңтайлы тәсілін» тауыпты. Мәселен мына үйдің иесі лас суды өзенге ағызатын құбырды көзден таса көміп қойған. Қалдықтың қанша уақыттан бері таза суға араласып жатқанын ешкім білмейді. Үй иесі миллион теңгеден ірі көлеміде айыппұл арқалап, өзі жасаған кәріз жүйесін талқандады. Тағы екі үйге де қатысты дәл осындай әкімшілік жаза қолданылды. Аталған заңбұзушылықтар экологтар жүргізген рейдте  анықталған.

Дархан Исжанов, Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы:

Егер де бұл жұмыстар атқарылмаған жағдайда экологиялық кодекс талаптары және әкімшілік кодекстің талаптарына сай бір миллионнан аса айыппұл көзделгенін атап айтқан жөн, сондықтан , құрметті қарағандылықтар ,сіздерді табиғатты қорғауға және жалғыз Бұқпа өзенін сақтауға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде