{metadescription}
Қатты соққан желден Атырау – Индер тас жолын су басып қалды
Қатты соққан желден Атырау – Индер тас жолын су басып қалды

Қатты соққан желден Атырау – Индер тас жолын су басып қалды

Атырау обылысында ауа райының қолайсыздығынан тасқын қаупі күшейді. Қатты соққан жел бөгеттерді бұзып жатыр. Бүгін жайылымдағы су Атырау –Индер тас жолын басып қалды. Сол себепті өңірдегі төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб трассаның толық жабылатыны туралы хабарлама таратты.

Енді көліктер тек елдімекендер арасындағы қара жолмен қатынайды. Осылайша Махамбет ауданы аралда қалды. Тұрғындар аудан орталығына да, қалаға да тек қайықпен қатынай алады. Күні-түні бөгеттерді қосымша бекітіп жатыр.

Сондай-ақ бүгін қала іргесіндегі Соколок каналының бойындағы су бөгетті бұзып өтті. Алайда штабтағылар қалаға қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Оған қоса бұзылған бөгет негізгі емес. Екінші қорғаныс барын, ол Балтық биіктік жүйесі бойынша бекітілгенін айтады.

Тілек Махуов, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

Қалаға еш қауіп жоқ. Қосымша бөгетіміз дайын тұр. Ауарайының қолайсыздығына байланысты. Қазір отызға жуық техникамыз бар жұмыс істеп жатқан.Су Соколок арнасымен жүреді. Еқшандай қауіп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.