{metadescription}
Көлсайға бара жатқан автобус аударылды
Көлсайға бара жатқан автобус аударылды

Көлсайға бара жатқан автобус аударылды

Көлсайға бара жатып апатқа ұшыраған. Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып, 18 адам зардап шекті. Автобустың ішінде 37 адам болыпты. Қалған 19 жолаушыға сол жерде көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген.

Апат автобус жүргізушісінің Аласа асуындағы бұрылыста жолдан шығып кетуінен болыпты. Жылдамдығын бәсеңдете алмаған күйі бір бүйіріне аунап түскен. Зардап шеккендер дереу дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер төртеуінің жағдайын орташа ауыр деп отыр. Жараланғандар арасында Ресейдің екі азаматы болған. Туристер мінген автобус Көлсай көлдеріне бара жатқан беті екен. Бірақ жүргізушінің кесірінен діттеген жеріне жете алмады. Тіпті оның жүргізуші куәлігі де болмапты. Полиция автобус жүргізушісін қамауға алғанын хабарлады.

Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Жүргізуші куәлігінен айырылған адам көлік құралын басқарғаны үшін қамауға алынды. Автокөлікті басқаруды көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаға бергені үшін жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне ірі мөлшерде айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде