{metadescription}
Астанада оқушы қызды пышақтаған қаскөй ұсталды
Астанада оқушы қызды пышақтаған қаскөй ұсталды

Астанада оқушы қызды пышақтаған қаскөй ұсталды

Жігітінің қолынан ажал құша жаздады. Астанада мектеп оқушысын пышақтаған қаскөй ұсталды. 18 жастағы ғашығын өлтіруге оқталған ол қазір қамауда.

Эльмира Шәуленова, Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бойжеткен елордадағы мектептің 12-сыныбында оқиды екен. Пышақ ала жүгірген жігіті де 18-ге толмапты. Мектеп басшылығы қылмыстың сабақтан тыс кезде болғанын әрі қаскөйдің оқу орнына қатысы жоғын айтты. Ал пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскен бойжеткеннің беті бері қараған. Бүгін оны дәрігерлер жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімшеге ауыстырды. Дегенмен әлі біраз мамандардың бақылауында болады. Қансырап жатқан қызды алдымен әжесі көріп, жедел жәрдем шақыртқан екен.

Айжан Ақай, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

26 мамыр күні №2 көпбейінді ауруханаға жедел жәрдеммен 2006 жылғы қыз түсті. Қыздың алдыңғы іш-қуысынан бірнеше шаншылған жарақат анықталған. Қызға көрсетілген бар медициналық көмек аясында ота жасалды, іш қуысына ота жасалды. Қазір қыздың жағдайы қалыпты болып бағаланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде