{metadescription}
«Болашақ» бағдарламасына кепіл болған екі отбасы далада қалғалы отыр
«Болашақ» бағдарламасына кепіл болған екі отбасы далада қалғалы отыр

«Болашақ» бағдарламасына кепіл болған екі отбасы далада қалғалы отыр

«Болашақ» бағдарламасының кесірінен екі отбасы далада қалуы мүмкін. Өйткені екеуі де осы бағдарламамен шетелге оқуға кеткен әріптесіне кепіл болған. Ал сенген стипендиат оқуын оқып елге оралғанымен, көп ұзамай шарттағы міндетін орындамастан Ұлыбританияға көшіп кетіпті. Енді оның оқуына кеткен шығынды кепілгерлер қайтаруға тиіс.

Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьева әріптесі Валерия Гавриленкоға көмек береміз деп опық жеп қалды. 2016 жылы «Болашақ» стипендиясының иегері Валерия «екі пәтерімді кепілге қойдым, әлі де жетпей жатыр» деп олардан кепілгер болуды жалынып сұраған. Екеуі де әріптесіне сеніп, Халықаралық бағдарламалар орталығымен келісімшарт жасасыпты. Валерия Ұлыбританияда оқып келген, бірақ стипендия талабы бойынша бес жылдық еңбек өтілін өтеп бітірместен, 2019 жылы қалай екені белгісіз, кепілде тұрған екі пәтерді шығарып, сатып жіберген де, шетелге тайып тұрған. «Болашақтағылар» енді оқудың өтеуін бұл екеуінен сұрап отыр.

Мақпал Дәрібаева:

Егер стипендиат міндеттемелерін, яғни еңбек өтілін орындамаған жағдайда, ең бірінші кепілдікке қойылған мүлікті сату арқылы барлық шығын өндіріледі. Бұл жағдайда кепілдікте ешқандай мүлік жоқ, өздері шығарып беріп, Валерия Гавриленкоға елден қашып шығуына барлық жағдай жасаған. Яғни, Мелдешов мырза ресми құжатқа өзі қол қойып берген.

Кепілде тұрған пәтерді Гавриленко қалай шығарып алды деп сұраған екен, орталықтың қазіргі басшылығынан мардымды жауап ала алмапты. Қазір олар «Болашақпен» соттасып жатыр. Бірінші сот Гавриленконың оқуына кеткен шығынды, яғни 28 млн теңгені кепілгерлер өтесін деген шешім шығарған. Бұлар келіспей, апелляцияға жүгінді.

Айжан Алина, заңгер:

Екі пәтерді кепілден заңсыз шығару дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, жабылған. Біз «Болашақ» басшылығымен кездескенде неге бұны дауламайсыздар деген кезде ғана қозғалғандай болды. Бірақ әлі күнге дейін өндірісте бұндай іс жоқ. Апелляциялық сотта бұл сұрақты көтереміз. 

Халықаралық бағдарламалар орталығының қазіргі басшысы Әлия Оспанова стипендия «иесі қарызын қайтармайынша, кепілгерлер жауапкершіліктен босатылмайды» деп отыр. Орталық мамандары қазір Гавриленконы елге қайтару үшін әрекеттеніп жатқанын жеткізді. Ал кепілді заңсыз шығарған тұлғалар анықталған.

Әлия Оспанова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрайымы:

Кепілді орталықтан шешу бір жылдан кейін шешу заңды емес дегенді ,өз ішімізде үлкен қызметтік тексерісте анықтадық. Аты-жөндерін анықтадық. Осы мәліметтерді толығымен құқық қорғау органдарына жібердік. Қазір арнайы істі қозғауға осы жылдың басынан соттасамыз.

«Жақсылық жасаймыз» деп, басы бәлеге қалған Мақпал мен Наталья бұрынғы әріптесімен байланыса алмай отыр. Валерия Гавриленко бұлардың нөмірін бұғаттап тастаған. Шағымданушылар енді кепілдіктен заңсыз шығарылған екі пәтер қайтарылсын, оған жол берген лауазымды қызмет иелері қылмыстық жауапқа тартылсын, ал Гавриленконы елге оралып, өз шығынын өзі өтесін дейді. Әйтпесе өздері жалғыз баспанасынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде