{metadescription}
Жалған композитор 100-ге жуық әншіні тақырға отырғызған
Жалған композитор 100-ге жуық әншіні тақырға отырғызған

Жалған композитор 100-ге жуық әншіні тақырға отырғызған

«Хит» боламыз деп «ит» болды. «Мария Магдалена» әнімен танылған Асхат Тарғыннан бастап, "МузАрт" әншісі Кенжебек Жанәбіловке дейінгі бір топ әнші жалған композиторға алдандық деп шу шығарды. Айтуларынша, өзін ақын, сазгермін деп таныстарған азамат бұрыннан айтылып жүрген бір дайын әнді 10 адамға сатып, жұлдыздарды ұятқа қалдырған. Былығы ашылса да, алған ақшасын қайтармай, із-түссіз жоқ болыпты. Әншілерді арбауына түсірген кім?

Менің есімім Жақсылық Ыбырай. Ақын, сазгер. Өзімнің «Жүрегімнің таңдауы» деген авторлық әнімді Нұрмахан Әзизхан бауырыма саттым. Брат, хит болсын, Алла қаласа.

Бірақ әнді сатып алған жұлдыздар қазір хит емес, жалған композиторды жеркөктен іздеп пұшайман болған. Бұл «алдандым» деген әншілердің бір бөлігі ғана. Жалпы 100-ге жуық адам тақырға отырыпты.

Перизат Алпыс, әнші:

Қысқасы шоу-бизнесте бір алаяқ жүр. Оның есімі Жақсылық Ыбырай. Қалай алдандым? Ол маған өзі шықты, сөзін жіберді, әнін жіберді, демо версиясын. Сөйтсем, ол ақын да емес, композитор да емес. Ешқандай да өнер адамы емес. Жай ғана ауадан ақша жасап жүрген адам екен. 10 шақты ән. Сол 10 әнді айналыдырып-айналдырып, бүкіл Қазақстанның әншілеріне сатып жатыр.

Жұлдыздардың айтуынша, оның ауадан ақша жасау тәсілі мынадай: өнер адамдарына өзін «сырлы сазгер», «ақиық ақынмын» деп таныстырып, кейін дайын әндерін жібереді екен. Бағасы арзан болғасын, бірден сатылады. Бірақ түбінде ол туынды өзге адамға тиесілі болып шығады.

Асхат Тарғын, әнші:

Ертеңінде хабарласты да, «аға, ақша кере болып тұр, балам ауырып жатыр, кеше сіз берген ақшаңызға дәрі алып тастадым, енді процедурасына ақша керек болып тұр еді, қиналып тұрмын, осы 30 мыңмен тоқтайық. 80 мың болады ғой сізге» деді. «Жарайды» деп бердім. Сөйтсем, бұл ән Мұраттың өзінің ән қоржынындағы әні екен. Бұрын орындалған ән екен.

Кейбірі тіпті қыруар қаражатқа клип түсіріп тастаған.

Қанағат Меченбай, әнші:

— «Бауырластарым» деген ән бар. Өздеріңіз білесіздер, «қойшы бала» атымен танымал болған Айдос Кәден деген інім бар. Қазіргі сәтте өзім продюсерімін. «Бауырластырым» деген әнді екеуіміз жаздық, студияға барып, одан кейін ауылға барып клип түсіріп тастадық. Міне, 3-4 күннің ішінде шығады. Жалпы сома «Бауырластар», «Әйелдер» клипі шыққаны, 2 миллион теңге кетті. Міне, осылай алаяқ алдап отыр. Қаншама адамға сатқан.

Желіні ақтарсаң, әншілер «алаяқ» деп айыптаған азаматқа еш күмән келтірмейсің. Сазгерден бөлек, актерлік, асабалық өнері де бар екен. Алайда той саласында біраз ылаң салып кеткен көрінеді. Бұған видеоларының астындағы халықтың пікірі дәлел. Сөйтсе, ол «асабамын» деп алдын ала ақшасын алып, кейін тойға келмей қояды екен. Осының рас-өтірігін өзінен сұрасақ, анық-қанығын айтпай, жауаптан қашып отыр.

Бір әнді 10 адамға сатқан екенсіз.

-Енді оған менің қатысым жоқ. 10 адамға сатқаныма. Кінә жоқ демеймін. Жел тұрмаса ,шөптің басы қимылдамайды ғой. Менен де біраз қателік болды.

«Алдандық» деген әншілер жалған сазгердің үстінен ұжымдық арыз түсірген. Қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Барлық мән-жайы және құқық бұзушылықтың, қылмыстың орын алу тізбегі міндетті түрде анықталып, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделетін барлық тергеу жүргізіліп жатыр.

Шу шығарған әншілердің есебінше, шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады. Оның ішінде жұлдыздар да бар, тойға асаба ретінде шақырып, ұятқа қалған қарапайым халық та бар. Сондықтан жұрт ауадан ақша жасап жүрген пысықайдың тездетіп қамалуын талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде