{metadescription}
Петропавлда су басқан әрбір үшінші үй тұруға жарамсыз
Петропавлда су басқан әрбір үшінші үй тұруға жарамсыз

Петропавлда су басқан әрбір үшінші үй тұруға жарамсыз

Петропавлда су басқан әрбір үшінші үй тұруға жарамсыз. Тасқынна кейін шығын көлемін есептеп жатқан арнайы комиссия осындай қорытынды жасады. Сондықтан бүлінген баспаналар бұзылып, далада қалған тұрғындарға жер үй немесе пәтер алып бермекші.

Сергей Дибров, Петропавл қаласының тұрғыны:

Біздің үйіміз апатты деп танылды. Қабырғағы қақырап, төбесі құлады. Іргетасын да су шайып кетті. Енді мемлекеттің қолдауына сенеміз, далада тастамайды деп ойлаймыз. Негізі Солнечныйға көшу немесе пәтерге келісу жайлы ұсыныс бар. Балалармен пәтерге көшсек пе деп отырмыз.

Петропавлда 2156 үйге су кірген. Көпшілігін шатырына дейін басып қалып, үш аптадай суда тұрды. Мамандар қираған үйлерді зерттеп, тіркеп жатыр. Қазірдің өзінде 644 баспана ресми түрде жарамсыз деп танылды. Олар негізінен Подгора, Косагор, Кожевенный зауыты шағын аудандарында орналасқан. Тасқын тіпті кейбір тұтас көшені шайып кеткен. Апатты деп танылған баспана тізімі қала әкімдігінің сайтында жарияланып, күн сайын жаңартылып отырады. Ал тұруға жарамды үйлерге күрделі жөндеу жүргізіледі. Ол үшін әр үйге орташа есеппен 4-5 миллион теңге жұмсалады.

Әсем Айтулова, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Комиссия жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарға жаңа пәтер немесе Солнечный ықшам ауданынан үй берілетін болады. Солнечный ықшам ауданындағы үй шаршы метріне қарамай беріледі. 20 шаршы болса да, 30 болса да. Үйі жарамсыз болып танылса, тұрғындар қажетті заттарын, құрылыс материалдарын алып кете алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде