{metadescription}
Оралда су басатын аумақтағы үй мәселесін біржола шешпек
Оралда су басатын аумақтағы үй мәселесін біржола шешпек

Оралда су басатын аумақтағы үй мәселесін біржола шешпек

Оралда риелторлар тасқынға байланысты пәтер құны қымбаттай ма деп алаңдап отыр. Өйткені жақында демеушілер көмегімен қала ішінен екі мыңнан аса баспана сатып алу жоспарланған. Оны өзен бойында тұратын отбасыларға бермекші. Шенеуніктер осылайша жыл сайын су басатын аумақтағы үй мәселесін біржола шешеміз дейді.

Азамат Халелов, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

Үйлердің басым бөлігін қаламыздың құрылыс компаниялары салып жатқан үйлерден сатып аламыз. Олар көбінесе, басым бөлігі оныншы шағын аудан, алтыншы, төртінші, Зашаған кенттерінде. Кей бөлігі «вторичка» дейміз. Қолданыстағы бар үйлерден, біздің азаматтарымыздан сатып алатын боламыз.

Тасқыннан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету қазір өңірдегі басты мәселе. Көбісі бүлінген мүлкінің шығынына өтемақы алғанымен, үй-жайына қатысты толық шешім шығарылмады. Комиссия су қайтып, құрғаған жердегі баспаналарды тексеріп жатыр. Тұруға жарамды деп танылса, жөндеуге ақшасын береді.

Ал саяжай алаптарындағы екі жарым мыңдай тұрғынның үйі жарамсыз деп танылып, қазір баратын жері жоқ. Оларға үшін жаппай пәтер сатып алып беретін болады. Жергілікті билік құрылыс компанияларымен пәтерлерді сатып алу бойынша келісімге келген. Сондай-ақ риелторлардың да көмегіне жүгінбекші. Қазірдің өзінде қалада пәтер бағасы қымбаттап жатыр. 

Сайлаубек Есқалиев, жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы:

Біреуден пәтер сатып алу бағасына мемлекет ешбір әсер ете алмайды. Құрылыс компанияларына белгілі бір талап қоюға болатын шығар. Ал жекелеп пәтер алуда ондай тыйым жоқ. Қазір сатылымға шығарылған мыңдай нысан бар болса, соның әрбір онынан сатып алушы табылады. Ал енді жаппай сатып алатын кезде сұраныс артып, баға да шарықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.