Петропавлда кемпірімен жалжалдасып үйін жарып жіберген қария қайтыс болды
Петропавлда кемпірімен жалжалдасып үйін жарып жіберген қария қайтыс болды. 95 жастағы зейнеткердің денесін жалын шарпып, 60 пайызы күйіп қалған еді. Бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан науқас есін жимастан бақилық болды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
27.05.2024
Ақылынан алжаса бастаған қария кемпірін соққыға жығып, өз үйінде газ баллонын жарып жіберген. 95 жастағы зейнеткер бақшасына өзі картоп салып, оны ұмытып қалыпты. Сол үшін жанжал шығарып, баспанасын өртеп жіберген. Тілсіз жаудан газ баллоны жарылып, шаңырағы күлге айналды. Жарылыс кезінде қария қашып барып қораға тығылған. Бірақ жалын денесінің алпыз пайызын шарпып, тыныс жолдары да күйіп қалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!