{metadescription}
Қуандық Бишімбаевты ұстаған екі полицей жауапқа тартылды
Қуандық Бишімбаевты ұстаған екі полицей жауапқа тартылды

Қуандық Бишімбаевты ұстаған екі полицей жауапқа тартылды

24 жыл жаза арқалаған Қуандық Бишімбаевты қылмыс үстінде ұстаған екі полицей жауапқа тартылды. Олар Салтанат Нүкенова өлген түні, экс-министрді ұстау кезінде «өзі жыныңды ұстатқан шығар» деп айтқан пікірінің кесірінен қоғамның қызу талқысына түскен еді.

Патрульдік полиция полкінің испекторлары бүгін тәртіпті бұзғаны үшін қатаң сөгіс алды. Бірі Бишімбаевты қолдағаны үшін, екіншісі күдіктіге кісен салып жатып, оңды-солды түкіргені үшін жазаланып отыр.

Сондай-ақ бүгін осы қылмыс бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіргені мәлім болды. Ол қанды қылмысты жасырғаны үшін айыпты деп танылған еді. Шағымданушы тарап Байжановты толық ақтауды сұрап отыр. 

Ғазиз Ынтықбаев, Бақытжан Байжановтың адвокаты:

Мен, Ынтықбаев Ғазиз, Бақытжан Байжановтың мүддесі үшін апелляциялық шағымды сот кабинеті арқылы жолдадым. Шығарған үкіммен толық келіспейміз. Себебі, Байжановтың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп есептейміз. Сол себепті Байжановты толық ақтауды сұрап отырмыз. Тек қана осы шешімді сұрай аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде