{metadescription}
Көкшетауда шетел жүк көлігін заңсыз тіркегендер сотталды
Көкшетауда шетел жүк көлігін заңсыз тіркегендер сотталды

Көкшетауда шетел жүк көлігін заңсыз тіркегендер сотталды

Көкшетауда шетелден әкелінген 55 жүк көлігін заңсыз тіркеді деп айыпталған полиция қызметкері мен жеке кәсіпкерге қатысты сот үкімі оқылды. Олар жалған құжаттар жасап, әрбір көліктен түскен төлемді мемлекетке емес, өз қалтасына басқан.

Шетелден көлік тасымалдап келген кәсіпкер Меңсұлу Омаровамен ауыз жаласып, құжаттарды рәсімдеу кезінде қызметін асыра пайдаланды деген мемлекеттік полиция инспекторын сот 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығымен байланыста жұмыс істеген көлік инспекторы кәсіпкердің дайындаған жалған төлем құжаттарын өткізіп, жүк көліктерінің техникалық төлқұжаты мен мемлекеттік тіркеу нөмірін алып беруге ықпал етіпті. Сөйтіп әрбір көліктен 100 мың теңгеге дейін пайда тауып отырған. Екеуінің кесірінен жергілікті бюджет 380 миллион теңгеден қағылған.

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған Үкімет» корпарациясы басшыларының осы іске қатысты бар-жоғын анықтау үшін сот жеке қаулы шығарды.

Жанқожа Құсайынов, сотталушы:

Сот үкімімен келіспеймін, әділетсіз болды.Маған халыққа қызмет көрсету орталығынан құжаттардың сканерленген көшірмесі ғана түседі. Мен оны жалғыз өзім қалай жасаймын? Басқа мамандар ше? Бұл дұрыс емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде