{metadescription}
«Үлескерлер үміті». Ақтөбеде кешен құрылысы екі жыл бұрын тоқтап қалған
«Үлескерлер үміті». Ақтөбеде кешен құрылысы екі жыл бұрын тоқтап қалған

«Үлескерлер үміті». Ақтөбеде кешен құрылысы екі жыл бұрын тоқтап қалған

Ақтөбеде үйлі боламын деген үлескерлердің үміті үзілді. Себебі төрт үйден тұратын кешен құрылысы екі жыл бұрын тоқтап қалған. Сол уақыттан бері бір кірпіші қаланбапты. Енді тұрғындар, ең болмағанда, ақшамызды қайтарып берсін деп талап етіп отыр.

Фарида Көрпебаева:

Маған 2022 жылдың маусымында беремін деген. Екі жыл өтті. Өзім жалғызбасты анамын. Екі баламмен екі жыл бойы пәтер жалдап тұрып жатырмын. Сол себепті маған осы үйді бітіремін деп, осы күнге дейін уәде беріп келе жатты. Маған үй керек емес, маған ақшасын қайтарып берсін.

Қала шетінен салына бастьаған «Оскар» Тауерс» деген кешеннің құрылысы былтыр толық бітіуі тиіс еді. Қазір тек бес қабатты жалғыз үй ғана тұр. Оның да кәріз құбыры жүргізілмей, жоғары қабатындағы жұмыстар аяқталмаған. Ал қалған үйлердің құрылысы басталмапты да. Үлескерлер «шыдамымыз таусылды» деп ашынады. Сексен пәтерлі қос үйге жеке кәсіпкер Асқар Қожантаев 100 миллион теңгеден астам ақша жинап алған. Ол қаржылық қиындыққа тап болып құрылыс тұралап қалды деп ақталып отыр. Банктер несие берсе ғана сақалды құрылысқа жан бітеді дейді.

Ал шенеуніктер үлескерлер арызы бойынша тексеру жүргізген. Нәтижесінде құрылысы бітпеген үйден пәтер сатқан компания басшысын жауапқа тартып, небәрі 60 мың теңге айыппұл салған. Енді жауапптылар ақшасын даулаған үлескерлер «сотқа арыздансын» дейді.

Қуаныш Әкеев, Ақтөбе облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Халыққа заңсыз ақша алу арқылы құрылыстан пәтер сатқан. Бұл бойынша 2020 жылы осы жағдай бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, рұқсатсыз пәтер сату бойынша сотқа жіберілді. Сотпен бұл жеке кәсіпкерге айыппұл салынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде