{metadescription}
Алматылық кәсіпкер сайт жасатамыз деп алданып қалған
Алматылық кәсіпкер сайт жасатамыз деп алданып қалған

Алматылық кәсіпкер сайт жасатамыз деп алданып қалған

Алматыда бір топ кәсіпкер кәсіби деңгейде City Life Kazakstan компаниясына сайт жасатамыз деп, сан соғып қалған. Аталмыш компания өкілдері өзі іздеп кеп, сапалы сайт жасап береміз деп сендірген. Тіпті неше түрлі танымал брендтерді көрсетіп мақтаныпты. «Бірнеше айдан бері сайт жасап бермек түгілі, берген ақшасын да қайтара алмай жүр екен.

Алмаз Тілеуов, кәсіпкер:

Міне, бүгінге дейін оларға берген ақшамызды қайтару үшін күресіп келемін. Олар бізге сайтты жасап, бір жыл бойы сол сайтты жүргізіп отыруға қажет болған ,келісімшарт бойынша. Алғашында өз портфолиесін көрсетті, өз жұмысы ретінде танымал бередтерді көрсетті. Төлем жасап,келісімшартқа отырғаннан кейін олар жоқ боп кетті.

Виктория Астанина, кәсіпкер: 

Алдымен мені осы компанияға тіркеді, ол кезде бұл компанияның аты «Таймхол диджитал бизнес-план» болды. Олар менің атыма бизнесті дамыту үшін кредит рәсімдеді. Яғни техника, ноутбук және монитор алу үшін. Жалпы қаражат 1 млн 600 мың бөліп төлеумен шықты. Сосын ол техникаларды менен алып кетті. «Кредитті өзіміз төлеп отырамыз» деп уәде берген. Енді ол қаражатты осы уақытқа дейін төлемеді, өзім төлеп жүрмін, техниканы да қайтармай жатыр.

Қаражатын талап етіп жүрген бұл адамдар «сайт жасатамыз» деп сан соғып қалғандар.Олар кәсіпкерлерге тиімді әрі сапалы сайт ашып береміз деп, өздері іздеп келген көрінеді. Айтуларынша, арада келісімшарт жасалып, жартылай төлем жасалған. Алайда қаражатты қалтаға басқаннан кейін ұшты-күйлі жоқ боп кеткен. Телефон нөмірін жиі ауыстырады дейді. Бүгінде олар сайтты емес, алдын ала төлеген ақшасын қайтарып алуды көздейді. Жиналғандардың алды 1 миллион, ең азы 300 мың теңгеден санап берген. Кеңселерінің алдын тоздырған олар құзырлы органдарға бір емес, бірнеше мәрте шағымданған. Қазір алаяқтық бабымен сот жүріп жатыр.

Райымбек Шәріпбаев, Алматы прокуратура басқармасының аға прокуроры:

Алаяқтық бабы бойынша шағым Алматы қаласы ішкі істер бөлімі ,Бостандық ауданы полиция бөлімшесіне жіберілді. Нәтижесі азаматтарға белгіленген уақытта хабарланады. ҚР ҚК 201-бабымен сот ісі жүріп жатыр. Ақпарат жариялауға жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде