{metadescription}
Тасқын: Үкімет басшысы шығынды бағалауға тек бірнеше күн берді
Тасқын: Үкімет басшысы шығынды бағалауға тек бірнеше күн берді

Тасқын: Үкімет басшысы шығынды бағалауға тек бірнеше күн берді

Тасқын салдарын жою қарқыны төмен. Үкімет басшысы бүгін осы іске жауапты министрліктер мен жергілікті әкімдіктердің жұмысын сынады. «Қимыл тым баяу» деген Олжас Бектенов шенділерге табиғи апаттан келген шығынды дереу бағалап, іске кірісуге бірнеше күн ғана берді.

Жалпы, көктемгі алапат тасқын кезінде елде 4300 үй тұруға жарамай қалған. Оның саны әлі де өсуі мүмкін. Өйткені бағалау жұмыстары әлі толық бітпеген.

Үкімет отырысы өңірлердегі тасқыннан кейінгі ахуал мен одан келген залалды өтеу бойынша Қанат Бозымбаевтың баяндамасынан басталды. Вице-премьердің мәліметінше, су тасқыны салдарынан елімізде 12 мыңнан астам тұрғын үй мен 18 жарым мыңға жуық саяжайға зақым келген. Жалғыз баспанасынан айырылғандардың да қатары қалың. Бозымбаев құрылыс маусымының қысқалығын атап, әкімдіктерге күзге дейін үйсіз қалғандардың күйін келтіріп, жаңа баспанаға қоныстандыруды тапсырды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Республика бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолға төлем алды. Бұл бағытта жұмыс бақылауда және қажетті шаралар қабылдануда. Негізгі тәуекелдер тұрғын үйлерді қалпына келтірумен байланысты. Сондықтан өңірлердің әкімдері бұл мәселені ерекше бақылуға алып күнделікті негізде халықпен жұмыс жүргізіп, туындаған әр мәселе жөнінде түсініктеме берулері қажет.

Бүгінге дейін 15 мыңнан астам үй мен саяжай құрылыстары тексеріліп, соның 11 мыңында бағалау жүргізіліпті. Атырау, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері тасқыннан зақымданған үйлер бойынша жұмыстарын сәтті аяқтады. Ал Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысында қираған үйлер мен бүлінген мүлікті бағалау көрсеткіші көңіл көңшітпейді. Жұмысы тым баяу жүріп жатқан 2 аймақ та премьер-министрдің сын тезіне ілікті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Әкімдіктерге өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспанасы мен мүлкіне келген залалды бағалауды осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек. Қанат Алдабергенұлы, қатаң бақылауда ұстаңыз.

Су басқан аймақтарда 9 мыңнан аса үй қалпына келтіруге болатын құрылыс қатарына жатады. Ал 4300-ден аса үй апатты деп танылған. Үкімет қауіп төндіретін баспана иелеріне жаңасын салуды, яки қайталама нарықтан пәтер сатып алуды жоспарлап отыр. Ал жөндеу жұмыстарына келетін болсақ, жауапты ведомство басшысы көбіне отандық құрылыс материалдары пайдаланылып жатқанын жеткізді. Десе де кейбір материалдар шетелден тасымалдануда.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Қазіргі таңда 2343 үйді қайта тұрғызу жоспарланған. Олардың ішінде 1855 құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен профлист, ағаш, кірпіш, және газоблоктар өз елімізден. Кейбір материалдарды шетелден әкелуге мәжбүр боламыз. Себебі Қазақстанда осындай өндірістер жоқ.

Зардабы орасан тасқынның да бір пайдасы тиген екен. Су ресурстары және ирригация министрінің сөзінше, биыл су қоймаларына он екі миллиард текше метрге жуық су жиналыпты. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе көп. Ал ол өз кезегінде экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылып, құрғауға шақ қалған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдынына жіберілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.