Жезқазғанда бес жасар бала көлікпен бес адамды қағып кетті
Жезқазғанда бес жасар бала бес адамды көлікпен қағып кетті. Балақай ойнап отырып көліктің қол тежегішін жібере салған. Жүріп кеткен машина жол жиегіндегі адамдарды соққан.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
28.05.2024
Оқыс оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінің алдында болды. Жүргізуші ғимаратқа кіріп кеткен кезде, көлікте отырған балақай тежегішті босатып жіберген. Осы кезде орнынан қозғалып кеткен көлік, бір топ адамды басып кетті. Зәресі ұшқан балақай салоннан шығып тұра қашқан. Сәлден кейін көліктен әйел адам да шығады. Ал ауруханаға жеткізілген науқастардың бірінің қабырғасы сынған екен. Қалғандарын дәрігерлер тексеріп, үйіне қайтарды. Тежегішке жармасқан бес жасар бала да басын оңбай ұрып алыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!