Семейде ҰБТ тапсыруға барған оқушылар малмандай су болды
Семейде Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға барған оқушылар малмандай су болды. Себебі сынақ басталардан бұрын нөсер жаңбыр жауып, күзетші ғимарат ішіне ешкімді кіргізбей қойыпты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
28.05.2024
Оқиға кеше болған. Оқушылардың нөсер астында бүрісіп тұрған видеосы әлеуметтік желіге таралды. Тұрғындардың бірі малмандай су болған балалар «сынақты қалай тапсырады» десе, енді бірі олардың мекеме ішіне сыймай қалғанын айтады. Тіпті тестілеу орталығының күзетшілері оқушыларды ішке кіргізбей қойды дегендер де бар. Бірақ білім бөлімінің мамандары мұны жоққа шығарды. Олар ғимарат ішінде орын жеткілікті дейді. Бірақ білім бөліміндегілер балалардың өзі жауын астында тұруды жөн көрді деп ақталып отыр.
Макия Әмірханова, Абай облысы білім басқармасының бөлім басшысы:
— 140 түлек түске дейін ҰБТ тапсырды. Түстен кейін 147 түлек тапсырды. Кеше тестілеу басталар сәтте кенеттен жаңбыр жауды. Кейбір түлек далада тұрған, сөйлесіп. Ғимараттың ішінде ешқандай кедергі болмады. Орындар жеткілікті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!