{metadescription}
Алматыда адам өміріне қауіпті шіріген ағаштар көбейген
Алматыда адам өміріне қауіпті шіріген ағаштар көбейген

Алматыда адам өміріне қауіпті шіріген ағаштар көбейген

Алматылықтар шаһарда шіріген ағаштар қаптады деп шағымданып жатыр. Өйткені қураған теректер кез келген уақытта құлап, көлік түгілі, адамның өзін басып қалуы мүмкін. Осындай жәйттарды алдын алу үшін тұрғындар әкімдіктегілерге арызданыпты. Алайда шенеуніктер ағашты бұталауға асықпай отыр. Айналаға қауіп төндіріп тұрған ағаштармен кім айналысуы керек?

Шіріген ағаштардың көзін құртқысы келіп жүргендердің бірі Евгений Шленский. Дәл кеңсесінің жанында қурап тұрған теректер көп екен. Маңайына көлік қою түгілә, жүрудің өзі қауіпті дейді ол.

Евгений Шленский:

Жел тұрып, жаңбыр жауса, бұтақтары сынып айналаға шашылады. Тіпті көліктің үстіне де түседі. Осы мәселемізді әкімдіктегілерге жеткізгенбіз. Өкінішке қарай, олар «көмектесе алмаймыз» деп қайтарып жіберді. Ал өзіміз бұталайық десек, айыппұл арқалаймыз. Енді қайда барып, не істейтінімізді білмейміз.

Ал шенеуніктер аудан әкімдігіне хат жазылса, іске кірісуге дайынбыз деп отыр. Өтініш түскеннен кейін тендер ойнатылады екен. Кейін мердігер анықталып, бұталауға сол компания кіріседі дейді.

Нұркен Ақмырза, Алматы экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы:

Санитарлық қырқу, санитарлық кесу жұмыстарын істейтін мердігер ұйыммен өтініш қабылдайды. Сосын әр ағашты зерттеп, қандай жұмыс керек екенін анықтайды. Санитарлық қырқу, кесу жұмыстары керек болса, оны жұмыс кестесіне қосады. Және бір жылда жұмыс жүргізіп береді.

Қураған ағаштың арнайы мамандарды күтіп отырмайтыны белгілі. Қатты жел тұрса, ғимаратқа, көлікке, адамның үстіне құлаған жәйттар кездескен. Ондай кезде жауаптылар жазадан құтылып кетпес үшін, дереу тәртіп сақшыларын шақырып, деректі тіркеп алу керек дейді заңгерлер.

Ғабит Өмірбек, заңгер:

Келісімшарт сұрату керек. Әкімдік пен компания арасындағы келісім. Сол келісімшартта нақты жазып тұрады, қай уақытта жасалған, қай уақытта тексеру керектігі. Соның бәрін жинай оытрып, азаматтық сотқа жүгініп, ақшаны өндіріп алуға болады. Келтірілген моральдық, материалдық шығынды толығымен. Бұл жерде жауапкер ретінде Жасыл экономика басқармасы болады және де әкімдік. Сосын тендер ұтқан компания.

Қураған ағаштың көзін құрту үшін жергілікті шенеуніктерге жүгіну керек. Созабалаңға салынып кетпес үшін ұжымдық арыз түсірген абзал дейді заңгерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде