{metadescription}
Париж-2024: Олимпиадаға 160 елдің спорт министрлері шақыртылған
Париж-2024: Олимпиадаға 160 елдің спорт министрлері шақыртылған

Париж-2024: Олимпиадаға 160 елдің спорт министрлері шақыртылған

Биыл Парижде өтетін Жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатына 120 елдің басшылары қатысады. Эммануэль Макрон құрметті қонақтарды Сене өзенінің бойындағы Элисей салтанат сарайында күтіп алмақ. Төрткүл дүние көз тіккен ауқымды шараға   160 елдің спорт министрлері де шақыртылған.

Қазір Халықаралық олимпиада комитеті айтулы шараны өткізу үшін арнайы штаб құрған. Оған 45 мыңнан астам қауіпсіздік қызметкерлері тартылды. Олардың 18 мыңы  әскерилер. Жазғы олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілдеге белгіленген.

Қазір Олимпиада алауы әлемнің түкпір түкпірін аралауда. Жақында ғана олимпиаданың нышаны Канн фестиваліне әкелінді.

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары Жазғы олимпиада ойындарына қатысуға 54 лицензия ұтып алды. Францияға баратын соңғы жолдаманы нысана көздеген Әсем Орынбай жеңіп алған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде