{metadescription}
Тасқын су Атырау қаласына таяды
Тасқын су Атырау қаласына таяды

Тасқын су Атырау қаласына таяды

Тасқын су Атырау қаласына таяды. Жазық даламен ағып келген Жайық суы шаһар іргесіндегі бөгеттерде іркіліп тұр. Қазір қалағаға жақын орналасқан 37 шаруашылық суда тұр. Сондай-ақ, демалыс орны мен бір дәмхананы тасқын шайып кеткен. 

Қаланы кесіп өтетін Жайықтың деңгейі шекті межеден асып кеткен. Бірақ қалаға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Есесіне Атырауды айналып өтетін Сарыөзек және Соколок каналдары арнасынан асып, жан-жаққа жайылуда. Сондықтан қала аумағындағы бөгеттерді биіктету жұмыстары жүріп жатыр. Оған үш жүзден астам техника жұмылдырылған.

Нұржан Ермұханов, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

265 шаруа қожалығының 37-сі жайылым судың астында тұр. Оның ішінде егін егетіндер бар және мал шаруашылығы бар. Мал шаруашылығының барлығының малдары шығарылды. Басқа жерге шығарылды. Ешқандай адам шығындары жоқ. Ешқандай үй суға кеткен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде