{metadescription}
Ақтөбе облысында су басқан үйлер техникалық бақылаудан өткізілді
Ақтөбе облысында су басқан үйлер техникалық бақылаудан өткізілді

Ақтөбе облысында су басқан үйлер техникалық бақылаудан өткізілді

Ақтөбе облысында су басқан үйлердің барлығы техникалық бақылаудан өтті. Арнайы комиссия төтенше жағдай жарияланған бес ауданда қанша шаңыраққа шығын келгенін есептеп болды. Қорытындыға сай 4084 баспана су астында қалғаны анықталған.

Тек Ырғыз ауданында ғана тасқыннан келген шығынды есептеу қиынға соғып отыр. Онда әлі күнге дейін үйлер су астында тұр. Өзеннің деңгейі сол күйі түспеген. Ал қалған бес ауданда шығынды есептеуден бөлек, құрылыс жұмыстары мен баспана сатып алуды бастап кетті. Қабырғасы қалана бастаған 652 үйдің аумағы сексен шаршы метр болады. Одан бөлек тасқын бірнеше әлеуметтік нысандарды бүлдірген. Облыстағы 136 шақырым жолды су шайса, 15 көпір бұзылған. Осының бәрін қалпына келтіруге алпауыт кәсіпорындар мен меценаттар көмегенінен бөлек облыстық бюджеттен 20 миллиард теңге қосымша қаржы бөлінді.

Айбек Якен, Ақтөбе облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы:

Жалпы 4084 тұрғын үйге 941 үйдің техникалық қортындысы бойынша апатты деп танылған. Яғни оның ішінде 652 үй зардап шеккен отбасылардың қалауы бойынша жаңадан тұрғын үй жүргізіледі. Оған жалпы облыс бойынша алты ауданға жалпы 40 мердігер бекітілген. Қазір 494 үйдің құрылысы басталып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.