{metadescription}
Оралда сирек алма тұқымы егілген тәлімбақ шіріп жатыр
Оралда сирек алма тұқымы егілген тәлімбақ шіріп жатыр

Оралда сирек алма тұқымы егілген тәлімбақ шіріп жатыр

Оралда сирек кездесетін алма тұқымдары егілген тәлімбақ шіріп жатыр. Тасқын судан табаны құрғамаған алма бақтағы ағаштардың тамыры қурап қалған. Жергілікті кәсіпкер мұндағы 200 ден астам жеміс ағашын жинау үшін 10 жыл уақытын сарп еткенін айтады. Бағбан бақтағы кейбір көшет түрлерін әлі де құтқарып қалуға тырысуда. Бірақ оған қомақты қаражат қажет.

Қайрат Кәрімов, кәсіпкер: 

Біздің бақта өте сирек кездесетін жеміс түрлері бар. Тіпті үш алма тұқымы еш жерде жоқ. Егер біз ол ағаштардан айырылсақ оны еш жерден таба алмаймыз. Мен мұндағы шығынға ғимараттағы қирағандарды қосып отырған жоқпын. Тек жеміс ағаштарының өз шығыны 370 млн теңге шамасында

Бұл тәжірибелі тәлімбақ ТМД елдерінде сирек кездесетін жеміс түрлерін өсірумен айналасады. Мұнда Сергей Исаев, Иван Мичурин сынды белгілі селекционерлердің талай жылғы еңбегі өз жемісін беріп тұрған. Мәселен былтыр алмалардың салмағы жарты келіге дейін жеткен. Бағбанның бағалауынша қазір мұндағы мәуелі ағаштардың 80 пайызы қурап қалған. Олардың арасында алмадан бөлек шие мен өріктің де ерекше түрлері кездеседі. Ал, жергілікті атқамінерлер келген шығынды нақты есептей алмай отырғандарын айтады. Өйткені келген залалды қайта өндіріп беруге өндірістік бағыттағы алма бақтары ғана кірген. 

Рүстем Зұлқашев, БҚО, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Біздің правилалар бойынша тек қана теректерді есептейміз, оған кеткен шығындар, оны бірнеше жыл бойы күтіп ұстауға кеткен шығындарды біз есептеп шығарамыз. Оны қандай өлшемдермен өлшейміз, менде жауап жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде