{metadescription}
Көлік министрі: Теміржол мен әуе билеті қолжетімді болады
Көлік министрі: Теміржол мен әуе билеті қолжетімді болады

Көлік министрі: Теміржол мен әуе билеті қолжетімді болады

Марат Қарабаевтың айтуынша, теміржол мен әуе билеті көп күттірмей қолжетімді болады. Мәселен, Алакөлге кестедегілерінен бөлек, тағы 10 аса пойыз қатынмақшы. Ал Балқашқа ұшақпен жетуге болады. Жалпы вагон тапшылығы бойынша да оң өзгерістер күтілуде. Биыл жаңадан 140, ал келесі жылы 260 вагон сатып аламыз дейді министр. Жылда жыр болатын билет тапшылығына қатысты да Қарабаевтың жоспары оптимизмге толы.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Алакөл бағыты бойынша қосымша пойыздар жүреді. 12 пойыз, оның үшеуі кондиционермен жабдықталған тальго пойызы. Ал Балқаш бойынша бізде Астана мен Алматыдан билет бағасы арзандатылған әуе көлігі іске қосылады. Ол субсидияланатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде