{metadescription}
«Тариф көтеріледі». Министр: Ең арзан жол — бізде
«Тариф көтеріледі». Министр: Ең арзан жол — бізде

«Тариф көтеріледі». Министр: Ең арзан жол — бізде

Ақылы жолға келгенде, Марат Қарабаев "ең арзан жол — бізде" деп, тарифтің тағы көтерілетінін айтып қалды. Министр шет елдерде баға әлдеқайда қымбат деп отыр.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі::

Жолдың бағасын ұлғайту жоспарда бар. Халықаралық көлік жүргізу конвенциясы бар. Соған сәйкес, әр елде көлікте ақылы отандыққа да және шетелдікке де бірдей болу керек. Ең арзан жол  бізде. Мысалы, Ресейде Мәскеу-Қазан жолы салынды. Онда бір шақырымы 25 теңгеден тұрады. Ал біздің жолдар орташа есеппен алғанда 1 теңгеден.

Жыл сайын еліміздің автомобиль жолдарын күтіп ұстауға шамамен 60 млрд теңге жұмсалады екен. Ал бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін көлік иелерінің қалтасы жылдан жылға жұқарып жатыр. Дегенмен ведомство басшысы қазақстандықтарға бірқатар жеңілдік қарастырылғанын алға тартты. Мәселен жүк тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар ақылы жолдың төлемін алдын ала жасаса, 15 пайызға кем төлейді. Ал жолаушыларды тасымалдайтын автобус жүргізушілері үшін жол тегін. Сондай-ақ сапасы төмен жолдарға да төлеудің қажеті жоқ деді министр. Десе ол нақты қай бағыттағы жолдар екенін ашып айтпады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде