{metadescription}
Терроризмді ашық насихаттап жүрген екі шетел азаматы ұсталды
Терроризмді ашық насихаттап жүрген екі шетел азаматы ұсталды

Терроризмді ашық насихаттап жүрген екі шетел азаматы ұсталды

Алматыда терроризмді ашық насихаттап жүрген екі шетел азаматы ұсталды. Олар әлі оң-солын танып үлгермеген жастарға дейін теріс дәріс оқып, лаңкестік жасауға үгіттеген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы екеуін көшеде қолға түсірді.

Тергеу мәліметтері бойынша, олар ұзақ уақыт шетелде тұрып, сол жақта да радикалды діни идеологиямен айналысқан. Өздерінің ғана санасын улап қоймай, елімізге келіп лаңкестікті ашық насихаттаған. Тұрақты жұмыстары да жоқ. Десе де, қалталары ақшаға толы. Қоғамға қауіп тудырған осы екеуін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жасағы арнайы операция кезінде ұстады. Елді теріс ағымға үгіттегендер енді ұзақ уақыт бостандық көрмеуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.