Жұбайы келіспесе, несие берілмейді
Жұбайы келіспесе, несие берілмейді. Мәжіліс бүгін Сенаттың түзетулерін ескеріп, тұрғындардың несиелік жүктемесін азайтуды көздейтін заңды мақұлдады.
Автор: Гүлвира Сейтенова
29.05.2024
Заңдағы өзгерістерді еске салсақ, ерлі-зайыпты алатын несие көлемі 3 млн 700 мың теңгеден асса, екеуінің де келісімі керек. Cонымен қатар, егер тұрғын кредитті төлеу мерзімін 90 күннен кешіктірсе, онда банк те, микроқаржы ұйымы да келесі жолы оған несие бермейді. Ал, әскери борышын өтеп келгендерге несиені 60 күннен кейін төлеуге рұқсат етілмек. Бұдан бөлек, банктер мен микроқаржы ұйымдарына клиентке биометриялық сәйкестендірусіз несие беруге тыйым салынған. Депутаттар осылайша, халықтың шамадан тыс кредит алуын азайтуға болады деген пікірде.
саңыз да айна қатесіз қайталанған бір көрініс. Ауру баланың суретін жәшік сыртына жапсырып алып, қаржылай көмек сұрайтындар көп. Бүгін Мәжілісте шынайы қорлар мен волонтерлік қызметтің атына кір келтіріп, қайырымдылықты майшелпекке айналдырғандарға тұсау салу мәселесі көтерілді. Депутат Динара Наумованың пікірінше, бірыңғай реттеуші органның болмауы, шын мұқтаж жандардың көмек алуын тежеп отыр.
Динара Наумова, Мәжіліс депутаты:
— Қайырымдылық жасаушылар мен көмек алушылардың қызметі туралы бақылауды жүзеге асыруға және сенімді ақпарат алуға болатын бірыңғай платформаның болмауы күмән тудырады және тиімді бақылау мүмкіндігін қиындатады. Қаржы мониторингі агенттігінің биыл наурыздағы мәліметінше, елімізде 138 банк картасы түрлі мақсаттағы күмәнді алымдарға тартылған. 70 мыңнан аса қазақстандық өз ақшасын жалған көмекке жіберген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!