{metadescription}
Қайырымдылық: Мұқтаж жандарға бір ғана айда 6 миллиард жиналған
Қайырымдылық: Мұқтаж жандарға бір ғана айда 6 миллиард жиналған

Қайырымдылық: Мұқтаж жандарға бір ғана айда 6 миллиард жиналған

Қайырымдылықтың да түр-түрі бар. Бір наурыз айының өзінде қазақстандықтар мұқтаж жандарға қол ұшын береміз деген ниетпен 6 миллиард теңге жинапты. Қаржы мониторингі агенттігі оның 2 миллиарды алаяқтардың шотына аударылғанын анықтаған.

Әлеуметтік желіге кірсең болды, өзгелердің аяушылық сезімін түрлі амал-тәсілдермен оятып, тиын-тебен сұрағыштардан көз сүрінеді. Далаға шықсаңыз да айна қатесіз қайталанған бір көрініс. Ауру баланың суретін жәшік сыртына жапсырып алып, қаржылай көмек сұрайтындар көп. Бүгін Мәжілісте шынайы қорлар мен волонтерлік қызметтің атына кір келтіріп, қайырымдылықты майшелпекке айналдырғандарға тұсау салу мәселесі көтерілді. Депутат Динара Наумованың пікірінше, бірыңғай реттеуші органның болмауы, шын мұқтаж жандардың көмек алуын тежеп отыр.

Динара Наумова Мәжіліс депутаты:

Қайырымдылық жасаушылар мен көмек алушылардың қызметі туралы бақылауды жүзеге асыруға және сенімді ақпарат алуға болатын бірыңғай платформаның болмауы күмән тудырады және тиімді бақылау мүмкіндігін қиындатады. Қаржы мониторингі агенттігінің биыл наурыздағы мәліметінше, елімізде 138 банк картасы түрлі мақсаттағы күмәнді алымдарға тартылған. 70 мыңнан аса қазақстандық өз ақшасын жалған көмекке жіберген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде