{metadescription}
Көкшетауда облысаралық маңызы бар жолдарды қайта қалпына келтіре бастады
Көкшетауда облысаралық маңызы бар жолдарды қайта қалпына келтіре бастады

Көкшетауда облысаралық маңызы бар жолдарды қайта қалпына келтіре бастады

Ақмола облысында тасқын кезінде тасжолдың 141 жерінен су асып, 20 шақырымы мүлдем шайылып кеткен. Ал елдімекендерді апаттан аман алып қалу үшін тас жолдарды бірнеше жерден әдейі жырып жіберуге тура келген. Сөйтіп ағын судың бетін бұрған. Қазір сол облысаралық маңызы бар жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Ақмол – Нұресіл - Талапкер автомобиль жолын жөндеу қалай жүріп жатыр?

Есіл өзені арнасынан асып тасығанда Астана іргесіндегі Талапкер ауылын топан судан құтқару оңай болмады. Қарғын сумен арпалысқан құтқарушылар қолдан келген мүмкіндіктің бәрін пайдаланған. Осы кезде елді-мекендерді елордамен жалғап жатқан негізгі жолды бірнеше жерінен жырып жіберген. Осылайша ғана, арындаған судың ағысын басқа жаққа бұрып, ауыл аман қалды.

Жұмабек Хайролла, Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

Қазіргі таңда біз Ақмол-Нұресіл- Талапкер облыстық маңызы бар жолдамыз. Осы жолдың су тасқыны кезінде үш жерден 3 учаскеде жол ашылу шешімін қабылдадық.Талапкер ауылын су баспас үшін үш участкеден жол ашуға тура келді. Үш участокта да жол жөнделді.

Қазір бұл жырылған жолдар қалпына келтіріліп, көлік қатынасы қайта жалғасты. Мердігер компания тез арада үш жерден жырылған жолды жалғап, арғы беттегі Мортық, Жаңажайнақ, Нұресіл ауылдарына жүріп тұруына мүмкіндік жасаған. Дегенмен, су деңгейі оңайлықпен төмендемей әуре сарсаңға салған. Қазірдің өзінде өзен арқырап ағып жатыр. 

Ниязбек Мейрамов, мердігер:

Су деңгейі азайғаннан кейін өлшеп келген кезде тереңдігі 5 метр болды.Су шәйіп кеткен. Ұзындығы осы жолдың 80 метр. Бұл жерге су өткізетін құбырлардың 11 данасын салдық. Және де астына тас салдық. Бетіне материал салынып, екі ауысымда жұмыс атқарылды.

Екі ауысыммен жұмыс істеп, екі аптада жол қатынасын қалпына келтірген мердігер компания су үстіне салынған жолды тығыздап жатыр. Жақында асфальт төсейді екен. 4 мыңға жуық адам тұратын үш ауылдың тұрғыны қайтадан Астанаға айналма жолмен емес, тура қатынайтын болдық деп қуанып жүр.

Қуаныш Дүкенбай, Нұресіл ауылының тұрғыны:

90 пайызы қалада жұмыс істейді. Сол келіп, қатынау қиыншылық туындады. Астана-Талапкер арқылы 20 шақырым, ал Ақмол арқылы 70 километр. Барып келу сонда 140 км болып жүрді.

Көктемгі тасқыннан Атбасар, Жарқайың, Есіл, Жақсы аудандарында тасжолдар бүлінді. Биыл 500 шақырым жолдың құрылысы мен жөндеуіне бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінген. Ақмол – Нұресіл -Талапкер автомобиль жолына Есіл өзенінен көпір салу үшін де жобалық құжат әзірленіп жатыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде