Алматы іргесіндегі Кемертоған ауылы өркениеттен жұрдай
Қала іргесінде тұрса да өркениеттен мақұрым қалған. Алматының дәл түбіндегі Кемертоған ауылының халқы су мен жарыққа, қала берді не жөні түзу жолға жарымай отыр.
Автор: Айжан Шамшидин
29.05.2024
Мәселені шешуге облыстың да, аудан-ауыл әкімдігінің де құлықсыз екенін бүгін депутат Данияр Қасқарауов Мәжілісте көтерді. Аймақтың мәселелерін жіпке тізген ол әсіресе Кемертоған ауылының мүшкіл жайына алаңдаулы. Мәжілісмен жер сатып алып, үй соғып, соңында қосымша электр қуаты үшін 500 мың теңгеге дейін шығындалған халық ашулы дейді. Жерді қойып, ортақ көшелерді де жекешелендіріп алған ауыл тұрғындары бүгінде өзара қырықпышақ болып, үйлеріне кіре алмауда.
Данияр Қасқарауов Мәжіліс депутаты
— Кемертоғандағы көшелердің тозығы жеткен, жол мүлдем жоқ деп айтса болады. Кейбір көшелер жекеменшіктің қолында. Мәселен Жасқыран, Шапағат көшелеріндегі тұрғындар өз үйлеріне көше арқылы кіріп шыға алмайды. Себебі көше түсуі тиіс телімдер жекенің қолында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!