{metadescription}
Ақтаудағы жағажай волейболы алаңы футбол федерациясына өтіп кеткен
Ақтаудағы жағажай волейболы алаңы футбол федерациясына өтіп кеткен

Ақтаудағы жағажай волейболы алаңы футбол федерациясына өтіп кеткен

Ақтаудағы жағажай волейболымен шұғылданатын жастар наразылық білдіруде. Өйткені қаладағы жалғыз жаттығу алаңы футбол федерациясының меншігіне өтіп кеткен. Сондықтан құмда аунаған спортшылар жуынатын бөлме мен дәретханаға кіре алмай жүр. Тіпті жаттығудан кейін теңіз суына жуынуға мәжбүрміз дейді спортшылар.

Ерлан Елубаев 10 жылдан бері жағажай волейболымен айналысады. Республикалық жарыстарға қатысып, облыстың намысын қорғап жүр. Санаулы күннен кейін Алматы қаласында өтетін кезекті чемпионатқа дайындық үстінде. Алайда, алаңсыз жаттығуға алаңдағы келеңсіз жағдайлар кедергі келтіруде дейді.

Ерлан Елубаев спортшы:

Су жоқ, тоқ пен суды айырып тастады енді. Суға шомыла алмайсың, дәретханаға бара алмайсың дегендей ғой. Өзіңіз көріп тұрғандай, жағажай волейбол, құм, терлейсің, күннің астында ыстық болғаннан кейін терлейсің. Ол құмның барлығы денеңе жабысып, балшық болады. Оның бәрін жуу керек. Кетіру керек деген сияқты. Ол балшықпен ешқайда бара алмайсың. Шелекпен барамыз, суға түсеміз, жуынамыз, қайтарда шелекпен су әкелеміз. Қазіргі жағдайымыз сондай болып тұр.

Жағажайдағы жаттығу алаңының қазіргі жағдайына ата-аналар да наразы.

Марат Яруллин, Ақтау қаласының тұрғыны:

Ақтау Қазақстандағы теңіз жағалауында орналасқан жалғыз қала. Сондықтан волейбол алаңының осы жерде болуы заңдылық. Алайда жер Футбол федерациясына өткеннен кейін әкімшілік те кетіп қалған. Енді балалар не істейді?. Мен ата-ана ретінде федерацияның әкімшісі де, спортшылары да басқа жерге көшуіне қарсымын.

Сәуір айында облыстық спорт басқармасы волейбол федерациясымен алаңды жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзған. Басқармадағылар алаңның бұрыннан бері футбол мектебіне тиесілі екенін айтады.

Ербол Шүкенов, Маңғыстау облысы спорт басқармасы басшысының кеңесшісі:

Барлық оқу-жаттығу жиындары, оқу жаттығу процесі сол жерде өтеді. Киім шешінетін, қажетті алаңдар беріледі. Оған ешқандай күмән жоқ. Бірақ бір мәселе туындады суға байланысты, ол коммуналдық мекемелердің арасындағы су беру, тоқ беру бойынша келісімшарт жасалмаған. Сол себептен болған. Осы жұма, осы аптаның ішінде бәрі бекітілетін болады.

Басқармадағылар осы аптада мәселе толық шешіледі деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде