{metadescription}
«Мың бала» ұлттық олимпиадасының қорытындысы шықты
«Мың бала» ұлттық олимпиадасының қорытындысы шықты

«Мың бала» ұлттық олимпиадасының қорытындысы шықты

Астанада еліміздің түкпір-түкпірнен жиналған алтыншы сынып оқушылары «Мың бала» ұлттық олимпиадасын қорытындылады. Жүз мыңға жуық бала қатысқан бұл доданың нәтижесі бойынша шалғай аймақтан келген қара домалақтарымыз ең үздік лицейлер мен мамандандырылған мектептерде білім алуға мүмкіндік алады.

Абылайхан Кайроллаев, El Umiti корпоратив қоры Олимпиадалық дайындық орталығы жетекшісі:

- 2024 жылы «Мың» бала Олимпиадасына ауылдық мектепте 6-сыныпта оқып жатқан оқушылардың 52 пайызы, яғни 83 мыңы қатысты. Яғни, Олимпиада екі кезекнен өтті. Біріншісі сәуір айының бірі мен оны арасында өтсе, екінші кезең мамыр айының бірі мен үші аралығында өтті.

Осымен бесінші рет өтіп жатқан «Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Біріншісінен сүрінбей өткен бес мыңнан астам оқушы математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен, сондай-ай жаратылыстанудан берілген жүз сұраққа жауап берді. Ең жоғары баллға қол жеткізгендерге еліміздің ең озық мектебінде білім алуға квота бөлінген.

Айта кетейік, биыл су тасқынынан зардап шеккен аймақтың тәлімгерлері жарысқа онлайн қатысуға мүмкіндік алды.

Нұрлан Жұмагелді, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:

- Қазақстан бойынша 617 мың бала қатысты. Оның ішінде 1374 балаға жолдама беріліп, олар еліміздегі мамандандырылған мектептерге оқып жатыр. Бұның басты ерекшелігі ауылдан шыққан балаларға мүмкіндік беру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде