{metadescription}
Қарағандыда көне шағынаудан су мен кәріз жүйесіне қосылады
Қарағандыда көне шағынаудан су мен кәріз жүйесіне қосылады

Қарағандыда көне шағынаудан су мен кәріз жүйесіне қосылады

Қарағандыдағы ең көне шағынауданның тұрғын үйлерін орталық су мен кәріз жүйесіне қосатын болды. Сахалин деп аталатын кентке құбырлар Таза Қазақстан акциясының аясында жүргізілуде.

Сахалин тұрғындары осы күнге дейін ауыз суды құдықтан ішіп келген. Қала аумағында болса да көбісі ауласынан ұңғыма қазып, қаржысы жеткендері дүкеннен сатып алатын. Ал, орталықтандырылған су мен кәріз жүйесі болады деп мүлде армандамапты. Бірақ, жергілікті билік республикалық «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында жыл соңына дейін 9 шақырым су құбыры мен 4 жарым шақырым кәріз жүйесін жүргізбек. Оған 400-ге тарта тұрғын үй қосылатын болды. Осы жұмыстардан кейін Сахалиннің жолдарына тіпті ешқашан болмаған асфальт төсеу жоспарланып отыр.

Жанболат Тоқмұрзин, Қарағанды ТКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

 Бүгінгі уақытша 1 жарым км суын салдық құбырын және 300 метрдей кәріз құбырын тарттық. Жоспар бойынша осы жұмыстардың бәрін жылдың аяғына дейін аяқтаймыз дейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде