{metadescription}
Ойын-сауық орталығында ойнап көрмеген бала
Ойын-сауық орталығында ойнап көрмеген бала

Ойын-сауық орталығында ойнап көрмеген бала

Ойын-сауық орталығында ешқашан ойнап көрмеген бала! Алматыда жомарт жандар сәби кезінде анасы тастап кеткен 6 жасар балаға қуаныш сыйлады. Әкесімен жалдамалы пәтерлерді жағалаған қыз бала күнін қуықтай бөлмеде өткізеді екен. 

Үйде қамалған бала туралы «Дау-дамайсыз» бағдарламасына көршілері жеткізген. Белгілі болғандай, Аруна биыл бірінші сыныпқа барады. Алайда, қызды қанаттыға қақтырмай өсірген әкенің өкінішке қарай, сабағын қадағалап, оқытуға шамасы жоқ. Өйткені, нәпақа іздеп, таңнан қара кешке дейін жұмыста жүреді. Ал қызын көзі қиып тастап кеткен ана болса, басқа отбасын құрған. Анасыз өскен Арунаға бұл жолы жанашырлар қолдау көрсетеді. Кішкентай Аруна туралы арнайы бағдарлама ертең сағат 18:40-та «Дау-дамайсыз» бағдарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде