{metadescription}
«Болашақ» түлегі Валерия Гавриленко шығынды өзі өтеуге тиіс
«Болашақ» түлегі Валерия Гавриленко шығынды өзі өтеуге тиіс

«Болашақ» түлегі Валерия Гавриленко шығынды өзі өтеуге тиіс

Басы дауға қалған «Болашақ» бағдарламасының түлегі Валерия Гавриленко шығынды өзі өтеуге тиіс. Ғылым және жоғары білім министрлігі оған жұмсалған қаражатты қайтаруға үш жыл уақыт берген.

Министр Саясат Нұрбек кепілдегі пәтерді заңсыз шығарып берген «Болашақтың» бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне қатысты істі тергеуді тездетуді сұрап, бүгін Бас прокуратураға хат жолдапты. Қазір Ұлыбританияда тұратын экс-стипендиантты елге қайтару үшін миграциялық қызметке сұранысхат да дайындалған.

Еске салайық, Валерия Гавриленко «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуын аяқтап, елге келген соң, кепілдегі екі пәтерді заңсыз шығарып және екеуін де сатып, шетелге қоныс аударған. Ал стипендианттың оқуына кеткен шығынды «Болашақ» Гавриленкоға кепіл болған оның екі әріптесінен талап еткен болатын.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Екі-үш күн бұрын Гавриленко кінәсін толық мойындап, екі жақты келісімшартқа қол қойылды. Сол келісімшарттың арқасында ол бүкіл ақшаны қайтаруға өз міндетін қабылдады. Ақшаны қайтара бастады. Енді жауапты тұлғаларға да біз Бас прокуратура арқылы тиісті заңнама аясында әрекет бастайтын боламыз, бастап кеттік те, былтырдан бастап.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде